Posted in

ТАҚИЯСЫНА ТАР КЕЛДІ

Талабына сай болмады. ~ – Күрсінбе, балам,- деді әкем, ұнатпаған қабақпен,- мен алып қалмасам, ол қыз ендігі аштан өлер еді. «Жарты пұт тары» дегеннің кәзіргі заманда құны қанша екенін білесің бе? Дыңдай ірі қара!.. Әке-шешесінің тақиясына тар келіп жатқан жоқ ол!.. С.Мұқ. ~ Қисынсыздау екен…—деп күмілжіді Қали. Одан ары өрбімеді. Алшағырдың «түремшік» екені кезінде есіне түсті. Әрі балаға лайық бұл шатты-бұтты оның тақиясына тар. М.Қаб. ~ Оған не болып, не қойғанын айтқым келмеді. Шал бәрі бір ештеңе түсінбес еді. Тақиясына тар келетін хикая. Дж. Сэл. ~ Осыған жыламай, «шыда, жаным шыдалап» жүрген біздікі қандай жан, Қазақстанның азаматтығы тақиясына тар келіп, ерігіп шұрқан тілеп жүргендердікі қандай жан?! Д.Мәс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *