Posted in

ТАҚЫМЫН ҚЫСТЫ

Тақымымен тебініп, атқа шүу-шүуледі. ~ Қара барқын түнде баран мінген жалғыз салт атты көлігін пысық аяңдатып, ауыл шетіне жақындай бере «Жеттім бе, жетпедім бе?» дегендей алдыға қарай еміне ұмсынып, онсыз да жүрісінен көңілін қалдырып көрмеген пырағына тақымын қыса түсті. К.Сег. ~ Чернов тақымын қыса түсті. Тек разъезден ұзап шыққасын ғана ат басын тартты. Ә.Нұрп. ~ Жауынбай қиыстай тартып бүлкілдете жөнелгенде, торушы адам құйғыта шауып, бүйірден қосылды. Жауынбай да Күреңтөбелге тақым қысты. Кәнігі күрең атылған жебедей бір – ақ ырғыды. С.См. Жанкүйер болды. ~ Аңғарғаныңыздай, арқасы қозып тұратын біздің Сары бүгін "Өнер барысында" "Көкжал"мен "Қыран" үшін тақым қысты. БАҚ ("ӘЖ") ~ – Алыста жүрсең де асылдың сынығы – арысымызсың. «Жалғыз баласы атқа шапса, шешесі үйінде отырып тақымын қысады» демекші, сыртыңнан атақ- абыройыңды естіп, тілеулес боп отырмыз. Сені нағашы жұртында қақпай көріп, бірдеңеден тарығып жүр демеймін. Қ.Жұм. Қорқып, жым болды. ~ Кезі келгенде қандай бәлеге болса да шыдайтыныңды бір көрсетсең, бар жауыңжымдай болып тақымын қысады. Әйтпесе емен де, семен де басынып, оңай қоржын қылып алады. М.Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *