Posted in

ТАҚЫМЫНА (ТАҚЫМҒА) ТОЛМАДЫ

Көңілден шықпады, місе тұтпады, қорашсынды. ~ Арқанбай бригәт Тортай шалды осылай бір ықтырып алғалы бері Көк Әңгі элеваторға бидай таситын балалардың тақымында кетті. Қ.Жұм. ~ — Ахметқан аспай сөйле, таспай сөйле! Даугеріңнің көмейі бүлкілдеген шешен болмағанын қомсындың ба, ел бастаған көсем болмағанын қомсындың ба? Әлде діні басқа, тілі басқа жат жұрт болғаны тақымыңа толмай отыр ма? – деген Қамбар да Ахметқанның сөзін іліп әкетіп. К.Сег. . ~ Өлермен ағайынның дауына ғана емес, өнегелі бір елдің жауына тосар жүзіміз бар еді, дәп бүгін бір ақылын табарсың, табылмаса – болысыңның тақымға толмағаны, игі- жақсыңның оңбағаны! ..Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *