Posted in

ТАЛАПАЙҒА САЛДЫ (ТҮСІРДІ)

Тонады, талан-таражға салды, талады. ~ Күйеу бала – Жоламан күйеу дәстүрінің сан түрлі қитұрқы құбыжығынан, ысқаяқ қатындардың ырым – жырымдап талтүсте талапайға салған кәдесінен әупірімдеп зорға құтылып, аппақ үзік – туырлықты он екі қанат үйдің табалдырығынан аттаған- ды. С.См. ~ – Бұ, жүдә, адам дегенді қойсайшы, ә. Жақсы ем пыртнай туфляға таласқандай почташының әкелген тегін хатын да талапайға салады. Ойпыр- ай кимелеп кеп жүдә, жол берсе болар ма?!. М.Сүн. ~ Көтеріліс алғаш бүрк ете қалғанда, халдай біткен бас сауғалап, Шәуешек пен Дөрбілжіндегі бекініске барып тығылды да, желігіп алған қазақтар олардың иесіз қалған мал- мүлкін пышақ үстінен талапайға салып әкетіп жатты. Қ.Жұм. ~ — Дұрыс айтасың, жан-жағыңның анталаған жау екені рас. Еркек кіндіктің бәрін жоңғарға қарсы салады екеңсің, сонда қалған жағыңа қатыныңды қалқан қылмақпысың? Сол жоңғармен қан төгісіп жатқанда былайғы дұшпандарың жан-жақтан жапыра кіріп, арттағы еліңді талапайға салса, қайтпексің? Ә.Кек. ~ Тағы да бір қызыл көз жау шығып, тағы да бір талапайға түсіргенше, қайтадан ызғындай қалаға айналып, қайтадан жұрттың көзін қызықтыра бастайды. Ә.Кек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *