Басы бәлеге қалды,. ~ Астарындағы көлік талапайға түсіп, әр қазақтың алдында кетті. Ә.Кек. ~ Болат таққа отырып, жұрт ханталапайға аттанып жатқанда: «Жақсы хан таққа мінсе, өзі талапайға түсер, жаман хан таққа отырса, елі талапайға түсер. Осы немеңді бала кезінен білетін едім… Иә, жасық шығар. Иә, пасық шығар. Қайсысы болғанда да, айдарларыңнан жел есе қоймас», – деп анықтап айтқан да жалғыз сен едің. Ә.Кек. ~ – Е, тәйір- ай, елге келген енші ме десем, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кететін берекесіз бірдеңе десейші. – Ағайын келесінен аттап, тал түсте талапайға түскен дүниеде не қасиет болушы еді? Қ.Жұм.
