Тойынды, тәбеті басылды. * — Отыр, пельмен желік, – деді Қапшекер оған қасық ұсынып. Бірінің қолында қасық, бірінің қолында вилка, бірі қара бурыл, бірі жидіген жирен бурыл, екі бас кастрюль үстінде тоқайласа қалды. — Әй, ит- ай, тамағың әлі қайтпаған екен ә, қарбытуың тамаша, – деді Қапшекер кастрюль түбі тықырлай бастаған сәтте.
