Жылауға тақау қалды, көз жасын әрең тиып тұрды. ~ …өткеннің шексіз қайғысын бойына жиған Тораңғыл қасқа елестегенде күні бүгінге дейін тамағыма өксік тығылады. Т.Әс. ~ "Мама, деймін. Маматай, кетпеші ешқайда. Маған киім де, ойыншық та керек емес. Тастамашы мені", дегенде тамағына өксік тығылып, сөйлей алмай қалды. А.Үс. ~ Таяп келіп, шашымнан сипады. – Қарғам-ай, жүдеп кетіпсің ғой. Бейуақта бүк түсіп неге жатырсың? — Әшейін, – дедім тамағыма өксік тығылып. – Жәй жатырмын, апай. Ж.Шағ. ~ Ананың балаға деген сезімінің күштілігіне тәнті болып, тамағыма өксік тығылып, көзіме жас келіп, тәлейіме қайран қалушы едім. Н.Қуан.
