Әлдеқандай болып, мардымсыды; кеудесіне нан пісті. ~ Құрсын демеңіз, театрдағылардың ішіндегі ең мықтысы сіздің шалыңыз. Басқасы ресторанға шақырсаң танауын көтеріп барса да зорға – зорға барады, ал сіздің шалыңызда еш отказ жоқ. Н.Сер. ~ Жаутаңдаған өзіне жарасады екен, көз шарасы жасқа толып, әдеміленіп сала берді. Іштей аяй бастағандаймын. Кей – кейде танауын көтеріп, бәлсінетіні болмаса, жақсы қыз былайынша. М.Қаб. ~ Әлгі жаман неменің танауын көтеріп, әлдеқандай болып кеткенін көрдің бе? Иттің қиы дәрі болса, дарияға… – деп Қарасай алақанына салып сығымдаған насыбайын ерніне тығып, шырт түкірді . С.Жүн.
