Елең-алаң, таң сібірлеген кез. ~ Ертесіне таң алакеуімнен Қарықбол мен Ақбата буыныптүйініп жолға шықты. Қолдарында тамақ ораған түйіншек, шие теретін қауашақ құтысы бар. ҚЕ. ~ Сен ертең азанмен ханға барып сәлем бер. Келгеніңді баян ет. Саған не айтады, не тапсырады, бұлжытпай, ұмытпай маған баян ет, – дейді. Бала таң алакеуіммен ханның ордасына аяндайды. ҚЕ. * Айтуар "ауруханадан ертең шығасың, шетелге, Хьюстондағы жүрек клиникасына жол аласың" деген күні таң алакеуімнен оянды. Д.Досж. * Бірінші тоқсанды аяқтаған әкпелері үйге келгелі абыр-сабырмен кеш жатып жүрген Бекен таң алакеуімде шошып оянған. С.Әбек. * Таң алакеуімнен, торғайдан бұрын оянып, есеп шығарып, миы шайқалғандай болып қатты шаршаған кезде – Гетенің "Фауст" кітабын ала сап парақтап, бұрын да пәленбай рет оқыған тұстарға қайыра көз жүгіртіп, аш күзенше бүгіліп отырғанына жөн болсын-ай! Д.Досж. * Шаланин таң алакеуімде оянады да, төсегінде жатқан күйі тумбочкасына қол созып, салдырлатып сипалай бастайды. Ғ.Қаб. * Сәске түс деп шамалағаны таң алакеуімгі мезгіл екен. Д.Досж.
