Posted in

ТАС ЕМШЕГІН ЖІБІТТІ (ИІТТІ)

Аналық мейірін төгіп, еміренді; жан шуағын аямады. ~ Ақбілек жылай берді, жылай берді… Сорлы Ақбілек! Сен жыламай, кім жыласын? Тас емшегін жібіткен, тар құрсағын кеңіткен, аруанадай анаңнан айырылдың! Ж.Айм. ~ Қарлығаш тағы да бір адал сырын майордың алдына жайып салды. – Шалым айтады: «Кемпірім,- дейді,- тас емшегінді жібіткен жалғыз қарғаң еді. Бір күні дәу сайтан әкесі салып отырып жетіп келсе не дейсің?»- дейді. С.Ом. ~ Қуанғанынан не істеп, не қоярын білмей, шамшыраққа ентелеп, ебелектеген жынды көбелекке ұқсады да қалды. Енді қайтсін байқұс ана?! Алғашқы қызығы ғой Қанат. Тас бауырын жібіткен, тас емшегін иіткен тұла бойы тұңғышы емес пе? Т.Рыс. ~ Он ай сені көтерген, Омыртқасы үзілген, Аязды күнде айналған, Бұлтты күнде толғанған, Тар құрсағын кеңіткен, Тас емшегін жібіткен… Т.Әбд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *