Posted in

ТАС ҚАБАҒЫ АШЫЛДЫ

Ашуы қайтты, көңілі көтерілді. * Таймас жақсы хабар әкелгелі бұл ойынан өзі де үміттене бастаған. Сол себепті ол соңғы кезде тас қабағы ашылып, дүниеге сәл күлімсірей қарауды шығарған. І.Есенб. * Ол Байтабын шапқан малды Ағыбай айдап келе жатқанын, Ожар екеуінің көштен бөлініп жақсы хабарды айтқалы бұрын жүріп кеткенін естіп болды да, жадырай түсіп тас қабағын қайта ашып: — Біраз шаруа бітіріп қайтқан екенсің, көп-көп алғыс, – деді, – Ожар осында ма? І.Ес. * Тек жалғыз көзді емес, екі көзді және сонау тас қабақты қоңырқай сұсты түсінде бір жылы шырайдың сазы білінеді. І.Ес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *