Барған жерге, бөтен ортаға еркін еніп, жарасып кетті; барған жеріне ұнамды болды. ~ Денелі жігіт болса да, қыз-келіншектің арасына тастай батып, судай сіңіп жүре берді. Ғ.Мүс. ~ Ертең мен, мынау қараңғы елдің ортасына тастай батып, судай сіңіп кетемін. Ә.Әбіш. ~ Көп кешікпей надзиратель Тұрарды тас камераға алып келді. тор темірдегі жаралы жолбарыстай аласұрған Рысқұлдың көңілі сонда бір жай тауып, түрмеде түңғыш рет тастай қатып, судай сіңіп сілейіп бір рақат ұйқыға кетіп еді. Ш.Мұр. ~ Қазір ойлап қараса, обалы не керек, жас келіншегі түскен жеріне тастай батып, судай сіңіпті. Н.Сам. ~ Ал, Ақперіште үшін қам жемейақ қой. Маған тастап кет. Осы уақытқа дейін алты бала өсірдім, жетіншісін де солардан кем қылмай өсіремін. Барған жеріңе тастай батып, судай сіңсең, мектепке баратын кезінде алып кетесің. Е.Әл. ~ Жас келін түскен жеріне тастай батып, судай сіңіп жүре берді. Қара шаңырақты қуанышқа бөлеп, араға жыл салып жеделдетіп бір ұл, бір қызды дүниеге әкелді. Ү.Жәл. ~ … үш жасты жия бере әке атты томырық қоңырқай бейне бұған белгісіз тұңғиық әлемге тастай батып, судай сіңіп, алыс- алыс бұлдыраған елеске айналды…. М.Қаб.
