Барынша мықты, табанды, тұрақты; іске де, сөзге де бекем. .~ Абылай ханның қай қатынынан тараған ұрпағын алсаң да, тастай берік, ұйымшыл. І.Ес. ~ Демек, көңілге бір дүдәмал ойдың түсуі қиын. Ондай ой түсті дегенше, тастай берік сенімің балғамен ұрғандай шытынай жөнеледі. І.Ес. ~ Бұл екі ұлы адамның тастай берік достығы, бірін- бірі құрметтеп сыйлауы, аңсап сағынуы, жанымен жаны, қанымен қаны қосылғандай жақын болуы – тарих үшін де, бүгінгі біздің жас ұрпақ үшін де ғажап құбылыс. Д.Стам.~ Осы арада мен саған бір сыр айтайын. Бауыр-жан деген тастай берік, қара ағаштай қайыспай-тын ерекше адам еді. А.Жақс.
