Posted in

ТАСТАП КЕТТІ

Күйеуі (әйелі) кетіп қалды, басқа біреумен көңіл қосты; жұбайынан, қалыңдығынан (балаларынан,) бас тарттып, кетіп қалды. * Әмірқан әнді шабыты келгенде қандай салса, қатынды да шабыты келгенде ала салады екен. Көңілі суыған күні не қатын тастап кетеді екен, не өзі шығарып жібереді екен. Қатыны тастап кетсе, өзі намыстанбайды екен, өзі шығарса, қатынға да обал болды-ау деп артық қынжылмайды екен. Ж.Айм. * Арыздан арыз көзін ашырмай қойды. Күнде тексеру, күнде сөгіс, әйелі тастап кеткен, қызмет бабымен өсе қоймадың деп анасы күйіктен төсек тартып жатыр. Ә.Тар. * «Елудің алтауына келгенде әйелі тастап кетсе оңай деймісің?! Облыстан тексеруге жіберген ревизор жігітпен қатыны әуейленіпті ғой. Бәлі, сен оны естімеп пе ең? К.Сег. * — Мен сізден сәл ертелеу, он сегіз жасымда автомобиль апатына ұшырадым. Сол күйі тізем шор боп қатып, бүгілмей қалды. Жігітім тастап кетті. Мен де жалғызбын. Қ.Түм. Біржола қалдырып кетті, жалғыз қалдырды. * Кемпірді Қадиша тастап кеткен соң, жар дегенде жалғыз жақыны – бір ақсақ бауыры бар екен: соны қасына алып қолғанат қылып, қайғылы өмірінің ақырғы күндерін баяғыша бірқалыпты жылаумен өткізіп отыр екен. М.Әу. * Атасы: «Ашаршылық жылдарында қыздарымызды өзбекке бір дорба бидайға тастап кете берген заман болған»‚ – деп айтып отырғанын талай естіген. Қ.Түм.. * Ғұмыр болса, әлі талай кездесерміз. Тастап кетті деп айып етпе, маған рұқсат бер, інім, – деп жолға жинала бастады. С.Смат. * Қолында тастап кететін бір уыс дәмі де жоқ екен, күншілік жерден қара басын алып ұшқанына енді өкініп тұр. Қ.Ысқ. Қайтыс болы, көз жұмды. * Келіншек иығы селк-селк етіп жылап сөйлеп отыр. – Жаным! Неге үндемейсің, е-е-е-. Тастап… тастап кеттің… бізді-е-е-е. Қасыңдамыз е-е-е міне! С.Елу. * Мешел көп жылдан бері түсіне де кірмеген анасын көз алдына елестетті. Фәни дүниені ертерек тастап кеткен бақытты жан екен деп ойлады. Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *