Жолы болып, дегеніне қол жеткізді, бағы жанды. ~ Өнерлінің тасы өрге домалайды. (М-М.) ~ Бұл кілемді, – деседі білетіндер, – тасы өрге домалап, жұлдызы оңынан туып, тұмсығымен құс тістеп, дәуірлеп тұрған шағында Абылай хан Бұхара – Шәріпке арнаулы кісілер жіберіп, ондағы түрікпен шеберлеріне түрлі түске бояған шым жібектен тоқытқан екен. С.Мұқ. ~ …қазір олардың тасы өрге домалайтындай халде емес екенін бүкіл Арқа, Жайық біледі. І.Ес.
