Posted in

ТАЯҚҚА ЖЫҒЫЛДЫ

Ұрып-соғылды, таяқ жеді, теперіш көрді. ~ Қызжанның азуы алты қарыс үш ағасы бұған аяғын тартып жүруін ескертсе де, қыз бен жігіт кездесуін қоймады. Ақыры, Жылқышы таяққа жығылды, Қызжан үйге қамалды. А.Алт. ~ Иесі таяққа жығылғанда Шам оқыранып, тыпырши бастады. Сәйгүлік оған бір жамандықтың болғанын түйсініп еді, жетекті сықырлата мазасызданып, тыпырши берді. А.См. * Ақыры мал айдаушы шаршады, сөйткен соң сапарлары барысында барғанша-келгенше әңгіме қылуға азық табылған, – тілге тиек етілер жай, әрине, таяққа жығылған сормаңдай рыцарь болатын … Ф. Дост. * – Жоға, мен құлағам жоқ, – деп жауап қатты Санчо. – Бірақ, қожайынымның құлағанынан қатты шошынғаным сонша, құдды өзім де таяққа жығылғандай, тұла бойым түгел ауырып тұр. М. Серв.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *