Жәй адам емес, жұрттан ерек д.м. * Үнемі бір төр алдында дөңкиіп отыратын, үнемі бір ат үстінде күмпиіп келе жатар Омарды еш нәрсені парықтамайтын пасық, ішіне тезек толтырған қап секілді кеуек адам деп ойлаушы еді, қателескен екен. Тегін адам таз бола ма, ақылсыз, ақымақ адам бай бола алмайды. О.Бөк. * — Ә, әй, Ермекбай! Тым бөспе. Тегін адам таз бола ма деп… оларға народный артист СССР-ды оңайлықпен берді деп пең! С.Смат. * «Тегін адам таз бола ма» – Жауқашты қазақтың арғы–бергі заңы мен жарлығын бес саусағындай білетін дауынан жау қашқан атақты даугер болыпты. Т.Бөк. * Әрине, бұл да еңбек. Әлдеқашан сүйегіне қына шығып кеткен бабасының атағын малданғанша жарық дүниеде бас көбейткен де ерлік қой. "Тегін адам таз болмайды" деген осы да. Қ.Ысқ. * — Е, бәсе, тегін адам таз бола ма дегендей Майсаражан біздің анау-мынауды ұнатпайды. Солай ғой, Күржік? С.Смат.
