Әйтеуір бір әрекет қылар (қылармын) д.м. * — Қалғып-шұлғып келе жатқанда, ұйқымызды шайдай ашты ғой… Ой тілеуің берсін!..– Тағы да, қарағым тағы да… десіп қатындар да көтермелеп: — Шешесі Шекер ғой! Бұ қыз тегін өледі деймісің?.. — деп аңыз қылысты. Ж.Айм. * Қыз болды-ау, ой-ой. Әй! Қыздар-ай, есіңе ал. Алсаң ал,алмасаң қой, Мен дағы өлер деймісің. Шіркін-ай, шіркін-ай, Үкілі кәмшат бөркің-ай. Халық әні. ~ Рас айтасың, бәріміз… – Мұнан былай Шинжаң тыныш болар ма?- Бірдеңе деу қиын… – Менше, жаралы жолбарыс тегін өлмейді, – деді Махсұт, Таңжарық үндемей қалып еді. Т.Рыск.
