Ниетінен ілезде бас тартты. * Ойлауға пұрсат бермейді екенбіз. Бағдан съезге кетер алдындағы ойынан тез айныды да, картинаны мольберттен жұлып алып есікке қарай лақтырды. С.Шайм. * Енді байқаса мыналардың жөні басқа. Басқа бір жаққа бұрмастан тұп-тура қалаға әкеле жатқаньін байқаған соң, әлгі күдігінен тез айныды. Ә.Нұрп. * Ауылға қайтып барып мына оқиғаны Бұлдиға жеткізуді ойлап тұрып, онысынан тез айныды. Өйтіп қайтеді. «Айғыркісі» оған қажет емес қой. Н.Дәут. * Жұпыны үйдің жүдеу өміріне көзі үйрене қойған жоқ. «Бекер келдім бе»,- деп ойлады. Бірақ ол ойдан тез айныды. Ә.Нұрп. * Әдепкіде барғысы келді. Бірақ соңынан ол ойынан тез айныды. Басы ауырғанын сылтауратып төр алдына төсек салғызып жатып алды. Ә.Нұрп.
