Тиыш жүр, кім болса сонымен ілегісе берме, сонда ғана жаның тыныш, ұпайың түгел болады д.м. ~ Қарағым, көп жиналған жер, ауылдағыдай бай, пәлен… деп біреулермен шатаса көрме. «Тек жүрсең, тоқ жүрерсің» — деп қойды бәйбіше де басын көтеріп. Жанабіл аңдаған жоқ. Ғ.Мұст. ~ Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атаң қазақ. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Әйтеуір саған айтар ақылым, – тыныш жүр балам, тыныш жүр. Біреудің ала жібін аттаушы болма. Мешкей деген жақсы ат емес. Б.Соқ. ~ Сен не дедің? Саған қолын сермеп тұрды ғой. — Мен жұмысшы тұрмысының ауырлығын айттым. Ол ұнатпады. — Ұнатпады?! Бекер айтқансың. Тек жүрсең тоқ жүресің. Ғ.Мұст.
