Posted in

ТЕМІР ҚҰРСАУ

Тұтқынның қолына салынған бұғау; адамның (не жануардың) басына кигізіліп, қозғалтпайтын шеңбер. ~ «Совдепияның қазір жан-жағы қамаулы. Күн сайын темір құрсау Совдепияны қысуда. Енді бұл жауыздардың құтылатын жері жоқ», — дейді. С.Сей. ~ Сөйтіп, қолыма салынған темір құрсау алынды да төсенішімді көтеріп басқа бір құдыққа – көк азық базына көштім. Ж.Шәк. ~ Енді бүкіл дала дөңбекшіп төңкеріліп бара жатқандай, түк көрінбей, айдай әлем бұлдыр тартты. Тар қапаста қалғандай тынысым тарылып, темір құрсау қыса берді. С.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *