Денені мұздатып, үсіте тоңдырған аяз туралы. * Боран басылғанмен, аспан асты азынап суық қатайды. Қызыл шұнақ аяз жалаңдап тиген жерін темірдей қариды. Т.Сәук. * Тұла бойын аяздағы қыраулы темірдей қарыған мысқылды, ажуалы, кекесін көздерден өтіп, Жалмұқан киіз үйге кірді. С.Жүн. * Аңылжыған айдала. Терістіктен темірдей қарып ызғырық жел еседі. Жападан-жалғыз. Шалқасынан жатыр. Бүкіл ту сырты тұтаса мұздап, тұрайын десе тұра алмайды. Ә.Кек.
