Әркім өз теңімен болғаны жарасады д.м.~ Қыз бетін басып ұялады, жұрт аңырып қалады. Сонда қайтып оралған қарт күйші: «Уа, ағайын, мен бүгін өзім қартайсам да, күйімнің қартаймағанын көріп бір жасап қалдым. Тосылмаңдар, «тең теңімен, тезек қабымен көрікті» деген, екі жастың бақытын тілейік!» — деген екен. ҚЕ. "Нар идірген". ~ Бұрынғы замандарда екі соқыр жолдас болып, бір-бірінен айрылмай, күннен күн екеуі дос болыпты. Һәр адам тең теңімен, тезек қабымен, екеуміз бір-бірімізге теңдеспіз ғой деп. БС. "Екі дос соқыр".
