Posted in

ТЕРІ ПҰШПАҒЫНАН АҚТЫ (ПҰШПАҒЫНА ДЕЙІН ТЕРГЕ БАТТЫ)

Қара тер болды. * Түн тымық. Аттар танауратқан: бүйірін соғады, буы бұрқырап, ыстық тер пұшпағынан ағып, сүмектей. Ж.Айм. * Қартқожа жанталасып, мықшындап, тері пұшпағынан ақты, ауылдағылар көріп тұрса да, көрмегенсіп, сиырын суаруға ерініп, кісіге иек сүйеп кеткен ел, келмейді. Ж.Айм.* Сонда да ентелеп, ентігіп, жанұшырып, тырбаңдауын қоймайды. Тер пұшпағынан ақты. Ж.Айм. * Омбының көшесінің ұшы-қиыры жоқ. Таусылар емес. Аяңдап келеді. Бақайшағы майысады. Тер пұшпағынан ағады. Арығы жеткен қарындасы жаяуға жарамады. Ж.Айм. * Ыңқылдап, күрсілдеп тер пұшпағынан ағып, әлденеше дем алып ақшам әлетінде Арбабай аулына әрең жетті. Ж.Айм. * Ағыбай пұшпағына дейін терге батқан атынан қарғып түсіп, белбеуін мойнына салып, қазақтың жамандықты естіртетін көне дәстүрі бойынша, екі қолын көкке көтере, тізерлей отырып ағыл-тегіл жылаған қалпы суық хабарды естіртті. І.Ес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *