Жорта бұрмалай айтылған сөз. ~ Әркім-ақ жамандыққа көңіл берді, Тыятын болмаған соң мүфти қазы. Сөзі бар замананың теріс қақпай, Жараспас бір-біріне айтқан назы. М.Ж.Көп. ~ Баласынан мына тұста терісқақпай жауап күтті. Сәрдар бірақ діттеген жерінен шыққан жоқ. А.Сүл. Кері кеткен, қиюы қашқан іс хақында. ~ Тарих бесігі неге бұлай терісқақпай тербелді? «Жеті ұрпағының желкесін қиғанша» қиуы қиылмаған қандай қастаншықпағыр үрдіс бұл? Т.Жұрт. ~ … осы тұрғыдан туындайтын сауалдарға оқиғаны терең зерттеп барып, жанжақты талдап, нақты жауап берген дұрыс болады. Бұған қоса Н. Хрушев жүргізген саясаттың теріс қақпай тұстары көп болғанын да ұмытуға болмайды. БАҚ.
