Жақтырмады, көңіл бермеді. * Қайсысы ықыласын салып тыңдап, Жаратпай қайсыбірі теріс қарар. Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар, Солардан аз да болса белгі қалар. А.Байт. * Біле тұра бірісі білмегендей, Теріс қарап кетеді, тілге келмей. М.Мақ. * Жанындай жақсы көретін талай келіндеріне, абысындарына Дәметкен теріс қарайтынды шығарды… Б.Майл. * Қытанның есебі түгел, оған қойшы керек еді, онысы да қос-қостан табылды. — Иә, өмір әзірше теріс қарап тұр…— Бұл сөзді Қодардан гөрі өзіне бағыштап еді. М.Қаб. * Боранқұл кеше ғана әужай түйіп қайту үшін қайын жұртына барып қайтқан. Сол сапарында қайын атасының Нұрсәлім беталысына теріс қарайтынын, ата мекенінен айрылу ниеті жоғын өз құлағымен естіп, өз көзімен көріп келген. Ғ.Біл.
