Posted in

ТЕСПЕЙ СОРДЫ

Араны ашылып, аяусыз қанады. * Нанның қалай табылатынын көрсін. Бұл бәтшағарлар біз қыбырлап тірі жүргенде теспей сорып титықтатады ғой» деп Мақұлбектің ішінен ой мүжиді. Д.Досж. * Бұлар тұқымымен теспей соратын сүліктер емес пе? Оның да істеген қиянат-зорлығын тексеріп-тергейтін күн таялған шығар! Б.Тоғ. ~ Ақмешіт қамалын орыс алғалы бес-ақ жыл. Сейілдің бұрынғы дәулеті де ортайған жоқ. Қазір Байқадам әкесінен оздырыпты. Әлгі ел әбісірең болып жатқан екі жылдың ішінде қара бұқараның қанын теспей сорғанын айтып отыр… З.Шүк. Ұрлық-қарлығынн, арамдығын білдірмей істеді. ~ Оның үстіне өзінің де араны тым ашылып кетіп мешітті местегі айрандай сорып, дәндеп алғанын көрсетіп қойды ғой. Оңашада ол, «Өзіме де обал жоқ, теспей соруым керек еді» — деп маңдайына қойып-қойып қалады. Б.Қыд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *