Posted in

ТӘҢІР ҚОСҚАН

Жұбайы, құдай қосқан қосағы. ~ Қадылбай әмірін беріп болды да, "қурай" көжені кертіп- кертіп сылпылдата бастады. Мен ойыннан құр қалғаныма ішім ашып, "тәңір қосқан иемнің" әмірін орындауға кірістім. О.Бөк. ~ Менің тәңірі қосқан Гүлжиһаным! Қайтып келер ме, сол «Шеген құдықтың» түбінде қол ұстасып тұрып, бүтін әлемді бір қауызға сыйғызған албырт шағым! Бақытты шағым! Х.Ес. ~ Қайсардың да, Саламаттың да тәңірі қосқан, төмен етектен өмір- қосақтары екі көздері төрт боп осылардың тірлік жолына гүл бітсе деп мойындарына бұршақ салып отыр. М.Сүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *