Posted in

ТӘТТІ МҰҢ

Жүректі мұңды сазға бөлейтін әдемі сезім. ~ «Оқып керегі не деп ойлаймын,- оқып керегі не», егер мен оны осына жайлаудағы қымыз иісі аңқыған киіз үйдің босағасынан емес, қаладан: парктен, театрдан, биойнақтан көрсем, дәл осыншалық тәтті мұңмен әсерленіп, дәл осылай сұлу күйінде елестете алмас едім. О.Бөк. ~ Зал ішін гитараның майда-қоңыр сұңқылы тербеп тұр. Қайран «Чинито!» Сиқырлы саусақ астынан бұлықсып шыққан құдыретті саз жүректі шабақтап, әлдебір тәтті мұңға жетелегендей. Ай астын ұйтқыған көгілжім сәуле кезіп жүр. Т.Сәу. ~ Аруана туған жердің қай бағыт, қай тұста екенін білетін. Содан да ол сол жаққа ылғи да бір тәтті мұңмен, ет жүрегін елжіреткен сағынышпен тоймай, қоймай, телміре, тебірене қарайды. С.Дос.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *