Жүрекке қуаныш сыйлайтын ой-арман. ~ Ертегідей алыс өмірден елес – елес леп берсем, дұрыс түсін, Жұртым! Ел көкірегіндегі тәтті үмітті ән жолынан іздедім. Қасіретіне бойлап, қасиетіне шомдым. С.См. ~ Таңертең тәтті үмітпен қуанып оянатын кезіміз еді ғой ол. Алыста азапта жүргенде мен соны талшық еттім. Т.Ахт. ~ Құдіреті күшті тәңірі мұны бір тәтті үмітіне жеткізген, тумысында жүйрік атаулыға барымен құштар еді, міне, бейдің білдей ат күтушісі болып жүр. А.См.
