Posted in

ТӘУІР КӨРЕДІ

Ұнатады, артығырақ санайды. * Хами ұйғырларының салтын ашығырақ көрсететін — олардың бас киімі. Әрбір Хами ұйғырлары шамасы келгенше сұлу бөрік тіктіріп, оны желкесіне қарай алшысынан киюді тәуір көреді. Ә.Марғ. ~ Шалқар мырс-мырс күліп алды. Қартайғанда тапқан бір мінезі: ұйқастырып сөйлегенді тәуір көретін еді, оп-оңай үйлесе кеткен екі ауыз сөзіне ырза болып отыр. З.Шүк. * Тіпті немере қарындасы Рабиғаға үйленбей тұрғанда да осы Тәсібек момын Құлнияздың тәуір көретін адамдарының бірі болатын. С.Смат.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *