Береке таппады, жанына тыныштық іздеп, шарқ ұрды.. ~ Көктем, көктем! Қыз-көктем ауылдағы! Өлең-жыр, әзіл-күлкі ауыл маңы. Тиянақ таппай ұшқан көк көбелек, Көк гүлге қонды дағы дамылдады… М.Мақ. ~Тіршілік болса, әлі-ақ көрісерміз. Қарауылға қырын қарар қалың керейдің ішіне кеттім. Онда тиянақ таба алмасам, аспан асты кең, бүкіл үш жүздің жері — менің жерім. С.Жүн. ~ Дөй-далада жалғыз қалғандай, көңілім ешнәрседен тиянақ таппай жетімсіредім де қалдым. Қ.Ысқ. ~ Енді біреулер қарға тірліктен тиянақ таппай, ішімдікке салынып, көше қаңғырумен күндерін батырды. Сөйтіп, шығармашылық дәуреннің жалыны түгіл, шоғы да сөне бастады. Ә.Асқ.
