Бар малынан айрылды, жұрдай болды. ~ Тігерге тұяқ қалмай, Төзімдері біткен бе хайуанаттың?! Қ-М Әли. ~ … жылы мықты ашаршылық болып, ел жұтап, ашаршылықтан жұрт тегіс қырылған, сонда әлгі байдың тігерге тұяқ малы қалмай жұтағ~ Жылқы малы сирек. Үш үйде үш қана ат болса, үш атты үй иелері мініп ауыл қыдырса, сондай кездерде бұл үш үйде тігерге тұяқ қалмайды. Ондай кездері жиі болады. Қайта, көбіне тігінге айналып Жақия үйінде отырады. Б.Майл. ~ Араға он жыл салып, Ерәлі сұлтан қайта оралды. Бұл жолы ізінде жиырма мың қол әскері бар… Сыр бойындағы қарақалпақта тігерге тұяқ қалған жоқ. З.Шүк. ан. М.Дул. ~ Болыс-билер Бердібекке құн төлетіп, ағайынды қос бөріде тігерге тұяқ қалмайды. Н.Дәут. ~ Әкесінің Есіл, Нұра бойына ығысқан, Жауыртауға сыймаған кілең бозқасқа жылқысынан, бес жүзге жуық түйесінен, бес отар қойынан тігерге тұяқ қалмады. Д.Дос.
