Ырыққа көнбеді. ~ …аяғын ілбіп басып келе жатқан күрең ат дәртені сықырлата тік шапшып, тізгін бермей ала қашып, шананы төңкеріп тастай жаздады. Т.Сәу. ~ … сонау Ақжолдан бермен қарай тізгін бермей келе жатқан Мейрамсопының балалары емес, жеті момын тоқал арғыннан шыққан қанжығалы Бөгенбай мен Жанатай, шақшақ Жәнібек пен тарақты Байғозы, бәсентин Малайсары мен Сырымбет. Ә.Кек. ~ Молданың қолымен от көсейтіндер де желкесі күжірейіп, жүнін тікірейтті. Молданы қолшоқпар қып, шариғаттың көлеңкесін саялау арқылы білгендерін істеп жүр. Тізгін қақтырмайды.Қаттырақ мытып жіберсең, елді бүлдіріп, дау қоздырады. Қ.Тол.
