Жүрісін баяулатты, ат басын тартты. ~ Ал енді, біз атымыздың басын тартыңқырап отырайық, сен шүу деп жүре бер, – деп құбаша жігіт артындағы қуғыншыларға сойылын ыңғайлап, көк биенің басын ірікті. Ақсұр аттың тізгінін жалпақ бет қара жігіт те іркіп алды. Айша шүу деп озып жүре берді. С.Сей. ~ Манадан атының басын өзгелерден оздырыңқырап мүлгіп келе жатқан Қаз дауысты Қазыбек би жайнаң етіп бұрылып, тізгін ірікті. С.См. ~ Қаратай тізгін іріккен жоқ. Баласы мен әйелінің жанына аялдамай, бөтен бір кісілерді көргендей өте беріп, дарбазаға сүйеніп тұрған сиырды қамшысын шірене құлаштай тартып–тартып жіберді де, үнсіз–түнсіз қораға тартты. Ш.Айт.
