1.Астындағы атын тежеді, жүрісін бәсеңдетті, тоқтатты. ~ Аттылар жақын көп тізгін тартқан кезде барып, екеуін де тани кетіп, қарсы жүрді. С.Бақб. ~ Қалай? Адам өйте ала ма? Тұра шапса, құйын қатты үйіріліп, жүйітки жөнеледі. Тізгін тартса, ол да бір орнында ирелеңдеп, тоқтайды. Н.Дәут.~ Қыр басына көтерілген аңшы тізгін тежеп, артына қарады. С.Сағ. 2. Екпінін басты, тәртіпке салды. ~ “Әй, тентіреген неме, қияғыңды, төсегіңді алып, біржолата колхоздың кеңсесіне кіріп алсайшы. Үй-жайдың саған керегі қанша!”– десем, Субанқұл баласына болыса кететін еді. “Ашуланба, апасы, көпшіліктің жұмысы. Бөстекей жүрген болса, менің өзім-ақ тізгінін тартып қояр едім ғой!”– дейтін. Ш.Айт.
