Posted in

ТІЗГІН ҰШЫНАН

Асығыс, қауырт, жедел түрде. ~ Қала рәсімін үйреніп қалған, тегінде қандай жаңалық болмасын тізгін ұшынан қағып алар қыр қазақтары қауырласып алақандарын қалақ ағаштай қақайтып Еркінге соза берген. О.Бөк. ~ Сол түннің ішінде бар жылқыны кедей-кепшік ауылға Базаралы тізгін ұшынан үлестіріп берді. М.Әу. ~ Сәл қанталай түскен ажарлы, отты сұлу көздерін Абайға қадай түсіп, Дәрмен асыға сөйледі. – Абай аға, тізгін ұшынан екі-ақ сөз айтып, қазір-ақ жөнелгелі келдім. Артым қуғын, алдым өрт! М.Әу. ~ Жаңағы келген сайлы жігіттерге бастатып, дәл отыз жігітті тізгін ұшынан аттандырды. Ж.Ахм. ~ Ал анау Құлайғырды жолда көрген, оның сезікті жолаушы екеніне куә болған Торғай руының адамы Мұқибек дегенге Керімбек тізгін ұшынан бір беделді кісі шаптырды… Ж.Ахм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *