Posted in

ТІЗГІНГЕ (ТІЗГІНІНЕ) ОРАЛДЫ

Жабыса кетті; бөгеу болды, жолын кесті. ~ Шәріп сонда да болмай тізгінге оралып жабысқан екен, хатшы мен Шәлтік бұны сабарман боп, жер-жебіріне жете жүріп тартып әкетіпті. М.Әу. ~ — Табылар сендік. Әскере ашқарақсың ғой, аға, – деп, Ғайни сыңғырлай күліп, наздана тізгінге оралды. О.Бөк. ~ Бес бала әкелеп тізгініне оралады. Сол сәтте барып қойнықонышын қарманады. Қойны- қонышын қарманып барып, ауылдан ала шыққан кәмпит, ойыншықтарын үлестіреді- ай рақаттанып. Т.Әб. ~ Бағанадан бергі ауыр ойдан серпіліп, көңіліне жылу тарағандай болады. Бес бала әкелеп тізгініне оралады. О.Бөк. ~ Күні кеше ғана «Омеке, Омеке» деп тізгініме оралып, тауығым болып шырқ айналып жүрген талайлар әлден сырт бере бастады. О.Бөк. ~ … шеріктердің тізгініне оралған Қаметті әскербасы қамшымен тартып-тартып жіберді. Ж.Шәк. ~ Ол үшін ең алдымен халқы үшін тізгінге оралғы болатын ұлдарының үнін өшіру керек. І.Ес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *