Posted in

ТІЗГІНІНЕ ЖАРМАСТЫ

Билікке таласты. ~ Екінші дәукес ойы тізгінге жармасты. С.См. ~ Бай байға, сай сайға құяды, – дегендей, екі елдің екі мықтысының бұл кикілжіңі көпке созылмады. Бөлен де, Мырзағара да бірінің бірі шаужайынан алысып, тізгініне жармасуды тоқтатты. Ә.Шәр. ~ Жігітгер жақындағанда тотияйындай көкпеңбек шөпті күрт-күрт жеп, кәперсіз тұрған ат қос құлағын тіге осқырынып еді, иесі қолындағы күрегін тастай бере ұмтылып, тізгінге жармасты. О.Бөк. ~ Бер деймін мен саған?–деді урядник оппа қарға сүріне-қабына, Амантайға жақындап. – Себеп?– деді Амантай, тізгінге жармасқан урядникке тізгінді бермей. С.Мұқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *