Билігін уысынан шығарып алды. ~ Ақан найсап ел ішіне у сеуіп отыр, ертең бар жасымыз сол умен уланады. Бүгін ауыздықтамасаң, ертең тізгіннен айырыласың. С.Жүн. ~ Жиналған самарқау жұрт ала қашып жатты. Қамысбаев тізгіннен айрылып, Шемишевті жұмсады. Ол Тоқаевтың құлағына сыбырлады. Қожагелдімен қоса бұл төртеу болып тұтқынға алынды. Б.Қыд. ~ Октябрь революциясының өзі де, түптеп келгенде, монархия іріп-шіріп тізгіннен айрылар халге жеткен соң, шет аймақтардағы әлеуметтік сілкіністердің дүмпуінен қорқып, ұлы империяның шаңырағын шайқалтпау үшін шовинистер жасаған тарихи авантюра. Т.Сәу.
