Жеңілгенін мойындады, бас иді. ~ Ана алдында тізесі бүгілсе де, Жау алдында ешқашан бүгілмеген. Р.Нияз. ~Өйткені мен төрт жыл бойы Жеңісті арман еттім. 9 майда батыста неміс фашистері тізе бүкті, 3 сентябрьде шығыста жапон империалистері жеңіліп, қол көтерді. Ә.Нұрш. ~ Ел ішінде қыс бойы күрес жиыны ашылды. Сен сияқты талай тоңмойынның тізесін бүктік. Ж.Шәк. Жайғасты, отырды. ~ Жуасып келіп от басына отырды. Бала-шағаның тыныш тіршілігін алданыш етіп,бәйбішесінің қасына тізесін бүкті. Ғ.Біл.~ Қыздың қасына тізе бүккен ол басқалардың өзін елеусіз қалдырғанына қорланды ма, әлде аузынан ай, көзінен күн көрінген қыздың сиқырлы құдыреті баурап әкетті ме, оны құшақтап алғанын ғана сезді. «Енді арманым жоқ» деп ойлады. Ж.Шәк.
