Posted in

ТІЗЕ БАТЫРДЫ

Жәбір көрсетті, әлімжеттік қылды. * Шай келісімен әңгіме қыза бастады. Отырған жұрттың көбіне Саурық тізесі көбірек батқан. Бірақ ол бүгін осы ауылдың құрметті қонағы. Ә.Шәр. * Оралмандарға тізе батырып, шынтақпен қағатындар да шығады. Оның үстіне, орыс тілін білетіндерінің күні белгілі. Т.Рыс. * Маңайына өздері тізесін батырып, өздері зорлық қылмаса, бұларға бұл өңірдің ешбір қазағы өз бетімен келіп соқтыға алмайтын. М.Әу. * Солардың бәріне Жарасбай әулетінің тізесі батқан. Енді олар саған тізесін батырады… Т.Әбд. * Жасырып керегі не, мынау отырған менің әкем, болыс болған бес жылда тізесін батырмаған адам қалды ма, бұл өңірде. О.Бөк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *