Әлімжеттік қылды; зорлық-зомбылық жасады. * Қытайлардың тізесі қатты батып, қан жылап отырған қазақ ауылдары да қарап қалған жоқ. Ш Жәк. * Момын елге тізесін батырып үйренген жандайшап, жасауылдар … қобызшының ауылына әлденеше рет қара бұлттай түйіліп келіп, алым-салығын жинай алмай кері қайтады. О.Сәрс. ~ Осы өзгешеліктерін жасынан-ақ алпыс үй Елібайға танытып болған. Ағайын ішінен зәбір көргендер, әсіресе Махамбетшенің тізесі батқандар хажыға мұңын бір шақпай кетпейді. Ғ.Мұс.
