Мазасы болмады, шыдамсызданды. * Күй дегеніміз – қыл ішектің әткеншегінде асылып ойнап, қылаң ұра асыр салған жастық шақтың жалыны, болашаққа бой ұрған талаптының арыны, үзіт сезімнің үздіккен сағынышы, достық пен махаббаттың тамылжыған шырыны, толықсыған құштарлықтың тізесін кемірген уыт құшағында талмаураған дем алысы, жеңіс шаттығының дыбыстар әлемінде жыртылып айрылған салтанаты еді-ау. Ғ.Біләл. * Қос тізесін кемірген бір арғымақ – арманым арам өлді кермеде! Көрмедің соны сен неге?! Көріп тұрып сен әлде көзіңді жұма қалдың ба? БАҚ * Сонда да болса, өздерінің аттары мен заттары да, заманында еткен ерліктері де келешекте ұмыт болатынына қарамастан, бұл жауынгер серілер майданға шықты, ауыздығымен алысып, тізесін кемірген тұлпар аттарын еріктеріне бағындырып, алшаң-алшаң бастырады, аттарының жүрісін, оларды ырқына көндірген өздерінің сыр-сымбатына, ақыл-айласына масаттанып, көпшілікке қыр көрсетеді. В.Скотт
