Posted in

ТІКЕСІНЕН ТІК ТҰРДЫ

Асты-үстіне түсіп, қызмет қылды, құрдай жорғалады. ~ Таң атар-атпаста ауыл шетіне «ой бауырымдап» шауып кірген суыт жүргіншінің әжептарқы айқайынан жұрт бірден аяқтарына мініп, тікесінен тік тұрды. Ә.Кек. ~ Аруағының алдында тікелерінен тік тұрады. Қысқасы, театрдың жетістігі сол кісінің есімімен тікелей байланысты. Қ.Жиен. ~ Мұхаңа келгенде біз ғана емес, жаңағы шекесіне жіп байлаған Белгілі Бегейдің өзі төбеге ұрғандай тоқтайды. Бір ауыз қарсы сөз айтпайды. Тіпті тіл тартпайды. Тікесінен тік тұрады. Қ.Түм. * Прокурор‚ сот‚ милиция десе тікесінен тік тұрады да‚ дәрігер мен мұғалімді айтсаң көптің біріндей көңілсіз қарайды. Қ.Түм. * Мұхаңа келгенде біз ғана емес, жаңағы шекесіне жіп байлаған Белгілі Бегейдің өзі төбеге ұрғандай тоқтайды. Бір ауыз қарсы сөз айтпайды. Тіпті тіл тартпайды. Тікесінен тік тұрады. З.Қаб. * Үй сыртындағы күллі халық алдында – төрт сағат бойы табан аудармастан тікесінен тік тұрды. З.Қаб. * Отыздың тоғызына келгенше сүр жүрген бұған екі бай өлтіріп, үш баласымен тиген Шынайқыз күйеуінің қас-қабағынан секем алғандықтан бір елі ауызға екі елі қақпақ тастап, тікесінен тік қызмет жасап жүр. М.Қаназ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *