Тілім тимесін д.м. ~ – Пәлі, мынау қу жетімек ортан қолдай азамат бопты ғой. Тфә, тфә, тіл аузымыз тасқа!- дер еді біреулері. Б.Майл. ~ Ай, ай, тіл-ауызымыз тасқа! Әуелден де салымымыз зор тұқымбыз ғой. Бірақ, мырза құдай тап бұл жолғыдай жарылғай алмап еді ғой. Әй, несін айтасың! Жәнібекжанның атқаны тиіп, айтқаны келіп түр ғой. Ә.Кек. ~ Ал қозғалмаймыз ба? Енді алатын ештемең жоқ қой? – деді Демежан келіншегіне қарап. – Тіл- аузым тасқа, бүгін құлпырып кетіпсің, бәйбіше. Қ.Жұм. ~ Тіфә-тіфә! Тіл-аузым тасқа! Қапелімде не ойлап кеттім осы? Жалғанда жұмыр басты, екі аяқты пеңдені күнакәр ететін ойы мен қиялы білем. Д.Дос.
