Сөзбен айтып жеткізу, сөзбен суреттеу мүмкін емес. ~ Әлгі Алтайдың аруларын айтуға тіл жетпейді. Ж.Айм. ~ Зағираның қаншама қиналғанын, біздің аяқ-қолымыз суып, қалай үрейленгенімізді айтуға тіл жетпейді. М.Мағ. ~ Қазақ халқы тіл жетпеген немесе ашып айта алмаған, айтуға батылы бармаған тағдырдың небір қилы кезеңдерін аспапта ойналған күймен жеткізген. Ж.Баб. ~ Немесе көшеде келе жатып, тауып та алған жоқпын. Өзіме тіл жеткісіз жақсылық, қайрымдылық жасаушы адамдардың арқасында алдым. Ендеше жақсылықты жақсылықпен қайтаруым қажет секілді. Турасын айтсам, ішкізіп, жегізуім керек. Б.Соқ. ~ Қамар бұл уақытта бағанағыдай емес, өзгеше сергек қалыпқа өтіп, Қарымсақтан көз алмай, жыр сөздерін қалт жібергісі келмей тынып отырды. Бірақ сол пішіннің арғы жағында бүгін шексіз бір тіл жеткісіз өзгеріс құпиясының бары күмәнсіз. Ж.Ахм.
