Posted in

ТІЛГЕ ЕРДІ

Біреудің сөзіне сеніп, азғыруына еріп, тура жолдан тайды. ~ 3әуре (күлімсіреген күйі). Сен бе? Сен… Шаруасын, қалқоз мүшесісің, ұяламын деп бармайсың, үйде отырып өсек тересің, кісі тіліне еріп кетуден де сау емессің… Б.Май. ~ Баласы айтқанына көнді дейді Тіліне мейманының ерді дейді. – Қонағым, риза бол енді маған, Мен сенен аяп тұрмын немді?! – дейді. М-Ж.Көпей. * Қашқарға дейін қалмақтың ізіне түскен Ер Алатау «ханның бас батыры», кейінгі Қабанбай «дарабоз» атағын місе тұтқан, ұшынбаған. Қалмақ тілге ерді. Қазақтың желкесіне қонжиып ноғайдан босаған жерге жайғасты. С.Сах. ~ Екі күн қонақ болып жатып, енді қайтпақшы болғанда Әкімқожа сөз бастады. – Шырағым, Абай, біздің осы отырған Олжай балалары адастық. Азғырған тілге ердік, сенімен жауласып, барар жер, басар тау таппадық, айналып алдыңа келдік. Ә.Кәкіт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *