Сөзге шешен, ділмар. ~ Кенебай өзі ақын тілге жүйрік, Жатық жауап береді жырлап тұрып. — Ел менен жерден безген қиын екен, Арашашы бол,— деді, жылап тұрып. Кенен. ~ Ол соңғы екі жыл бойында зер салып, Александрдың дегенін істеп жүріп, орысша хат танып қалған еді. Бұрын тілге жүйрік болса, енді өздігімен газет, кітап оқитын да боп алған. М.Әу. ~ Оның бірі өз қолынан қойып келген Майқан төре, екіншісі, орысша тілге жүйрік, Оспан болыс болғанда жағымды би болып жандаралдан оқалы шекпен киген, түсі сары, көзі көк, мұрты едірейген, байқамаған кісі орыс деп қаларлықтай түрі бар Бөкенші Солтабайдың Ысқағы. Ә.Кәкіт.
