1. Сөйлеуге мұршасы келді, тіл қатты. ~ Шыңғыстың Зейнепті алып келе жатқан хабары Айғанымның ауыр халын жеңілдеткендей болып, соңғы күндері сөзден доғарылған ол тілге келді де, маңайына үйірілгендерге келінді қарсы алу жабдықтарын айта бастады.С.Мұқ. * "Мені үйге жеткізіңдер, бала-шағамның алдында өлейін," – деп тілге келеді мүсәпір. О.Сәрс. * – Е, көп түкірсе көл емес пе. Аюға намаз үйреткен таяқ, – десіп, қайсыбір жігіттер қорқақтай тұрса да, бойына қайтадан жан кіргендей тілге келді. С.Жүн. * Жол кескен дұшпан күштері тіл айқастыруға келтірер болса, айдап келе жатқан бар малын беріп, бас амандап кетуді ойлаған қожа шал қамшы сабына байлаған ақ орамалын ту етіп көрсетіп елшілікке ұмтылған еді, қатігез топ тілге келтірмеді. Ғ.Біл. 2. Жанжал шығарды, дауласты. * Кеше «Әзімбай мен Жігітектің ана бір өңшең сіңірі шыққан көп кедейі неғып тілге келіп тіресетін болды?!» деп те таңғалып ем. М.Әу. * Бетіне жан қаратпайтын тентек шал, жарыла жаздап отыр.Жанқожамен қатты-қатты тілге келді. – Әй, мынау иттерің алдына салып айдап келе жатыр! Мені қоңсы қондыратын кім едің сен?! З.Шүк.
